jasqazaq.kz

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

16 желтоқсан 2018, 12:06

Біз бақытты ұрпақпыз!

Біздің бағымызға бұйырған, бақытты өмірімізді қамтамасыз еткен Тәуелсіздігімізге 27 жыл толды. Бір жағынан қарасаңыз, аз уақыт, екінші жағынан, осы жылдары Елбасының баянды басшылығы мен халықтың бірлігінің арқасында үлкен асулардан өттік. Әр жыл баршамызға құт-береке сыйлап келеді. Ата-бабаларымыздың асыл арманы – тәуелсіздік ақыры бұйырып, соның рахатын көруге Алла нәсіп етті. Осы бақытты күндердің ұзағынан болуы өзімізге байланысты. Сондықтан қазіргі жастар аман болса, солар оқып, терең білім алса, елге адал қызмет атқаратыны даусыз. Өйткені олар – Отанын сүйетін нағыз патриоттар. Бірде Елбасы: «Отанды сүю – ерекше бақыт, ал оның аптабына күйіп, аязына шыдау әркімге бұйыра бермейтін б$лек дүние. Оның жолында оза шапсаң да, шоқтай жансаң да, жанып жатып арманда қалсаң да жарасады. Бұл – ата-бабаларымыздың асыл арманы. Біз тәуелсіздікті бабалардың нақылымен, халқымыздың парасатты ақылымен алдық. Тәуелсіздік – тарихтың толқыны, шайқалмай, уақыттың соққысын байқамай өз бетінше тұратын тұғыр ғана емес, оны қолда ұстап тұратын тек шарболаттай шындалған рух, наркескен жаңашыл мінез, арайлы ақ таң үшін күрес. Міне, мәңгілік жасайтын елдің өмірлік ұстанатын кепілі – осы» деген еді. Еліміз үшін жан аямай жұмыс істеп жатқан жастар, өнегесі мол қарттар аман болсын! Бәріміз бір жұдырықтай жұмылып, біріміздің ойымызды екіншіміз айтпай түсінетін имандылықтан айырылмасақ, әлі талай шыңды бағындырамыз. Әлем тарихынан өз орнын айқындаған Қазақ елінің ертеңі ертегідей жалғасып, дамыған елдердің қатарынан көріне берейік. Тәуелсіздік мерекесі әр шаңыраққа шуақ сыйласын!

Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстанның Еңбек Ері

Аңсаған арман, көксеген мұрат

Тәуелсіздік қазақтың өмір бойы аңсаған арманы, көксеген мұраты. Тәуелсіздік – қадірі мен қасиеті бөлек, ұғымы ұлы мерекеміздің бірі. Бірі ғана емес-ау, бірегейі! Тіпті бас мерекеміз деп айтсақ та артық болмайды. Өйткені, осы тәуелсіздікпен ғана ұлт ретінде сақталып, мемлекет ретінде әлемге танылдық. Тәуелсіздікпен қазақ та, оның мемлекеті Қазақстан да танылды. Әлем бізді осы тәуелсіздіктің арқасында көріп, білді. Біздің халық қастерлі тәуелсіздіктің, еркін егемендіктің арқасында бейбіт күнге қол жеткізіп отыр. Қазір кез келген адам барам деген жеріне бара алады. Көрем деген қызығын көреді. Істеймін деген жұмысын істеп жатыр. Осының бәрі тағылымы мол тәуелсіздігіміздің арқасы. Бұл күн – ата-бабаларымыздың жүздеген, мыңдаған жылдар бойы аңсап, армандаған тәуелсіздігі. Бұл күн бізге сый ретінде аспаннан түсе қалған жоқ. Осы еркіндік үшін бұрынғы өткен баһадүр бабаларымыз қасық қаны қалғанша күресті. Жан аямай шайқасты. Осындай ұлан- қайыр жерін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағы – біздерге аманат етті. Енді сол тәуелсіздікке ие болу, елдікті сақтау, мемлекеттің болашағын жасау – әрбір азаматтың қасиетті борышы болу керек. Сондықтан, Тәуелсіздік күнін дәріптеу арқылы, қасиетін айту арқылы бұл күннің қадір-қасиетін халық жүрегіне орната білуіміз керек. Jas qazaq газеті арқылы барлық отандастарымды ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз мәңгілік болсын!

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты

28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ
28 мамыр, 13:57
30 предприятий Туркестанской области приняли участие в выставке «ULTTYQ ÓNIM - 2026»
28 мамыр, 13:52
Туркестан: в Ордабасинском районе откроется завод по переработке костей крупного рогатого скота
26 мамыр, 16:59
Как формируется интерес студентов к чтению книг в Туркестане?
26 мамыр, 16:54
Эльмира Идрисова: Главная цель университета — подготовить учителей нового формата