jasqazaq.kz

«Тәуелсіздігім-туыммен тұғырлы, әнұраныммен айбатты»

02 желтоқсан 2020, 17:00

Тәуелсіздік туым менің тұғырлы
Арнағым менің келді саған жырымды
Бейбітшілік деп соғысқан
Ұмытпаймыз қызыңменен ұлыңды
Тәуелсіздік жолында
Мыңдаған адам қырылды
Ол кездері тыйым ед
Қазір айта алам сырымды
Ержүрек өр тұлғалы
Ер жігіттер еді тұлымды
Таралған шашы белінен
Қыздарың еді бұрымды
Бір жолата бұл елден
Қуып шыққан зұлымды
Сансыз адам жүректі
Жүрексіздерге ұрылды
Иманы жетік қанша адам
Жетесіздерден қырылды
Содан заман өткенде
Құдайымыз жарылқап 91-ші жылы
Берді бізге бір ұлды
Ақылды еді ол өте
Тілменен бөлген қылыңды
Әбіштің ұлы Нұрсұлтан
Көкке көтерді туыңды
Содан шықты не керек
Елтаңбамыз да еңселі
Орталығымыз ол сәтте
Ақ Ордадай кеңсе еді
Туындының ғажабы
Десек егер таңбаны
Кез келген қазақ келіседі
Жеңілу деген ол сәтте
Қазақтарға ерсі еді
Болмаса егер батырлар
Болмас ед таңбаң еңселі
Келесі бір керемет
Әнұран еді айбатты
Шырқалғанда әнұран
Еске аламын Қайратты
Тағыда басқа батырлар
Осы өлең жолы үшін
Жаудың бәрін жайратты
Қарсы келгендерінде
Алдына салып айдапты
Ниеті жаман көп ұлттар
Қазаққа бәрін қайрапты
Тойтарыс беріп әзерге
Қазақстаным жайнапты
Жайнағаны соншалық
Ұлы жеңіске орай
Әнұранымыз ойнапты!

Әсем Манапова,

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
ФММК факультеті Журналистика мамандығының 1 курс студенті

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде