jasqazaq.kz

«Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы» төрағасы ұсталды

29 наурыз 2018, 10:15

Полиция өкілдері осыған дейін іздеуде болған «Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы» қоғамдық ұйымының төрағасы ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасының мәліметінше, «Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы» қоғамдық ұйымының төрағасы Т.Ж.Акуов қылмыстық іс аясында осыған дейін іздеуде болды. Сол кезде оған сот сырттай үкім шығарған — бұлтартпау шарасы түріндегі қамауға алу туралы шешім», — деп хабарлады полиция өкілдері. Жедел-іздестіру шаралары барысында Акуовтың Қарағандыда ұсталғаны және тергеу шараларын жүргізу үшін Алматыға жеткізілгені айтылады. «Алматы полициясы Акуовтан зардап шеккен азаматттардан Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасына арыз жазуларын немесе мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: 254-41-15 және 8-705-555-53-44», — деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды