jasqazaq.kz

Тәуекел Мүсілім болашақ жарын көрсетті

25 қараша 2019, 12:26

Актер Тәуекел Мүсілім болашақ жарына сырға салу рәсімін өткізді. Мүсілімнің болашақ жары — Махаббат Түктібаева. Ол — Қарағанды өңірінің тумасы. 24 жастағы ару Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті, болашақ дәрігер. Instagram желісінде қалыңдықтың 7 мыңға жуық фолловері бар.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Тәуекел Мүсілім мен болашақ жары Махаббат Түктібаеваның мешітте неке қидырған суреттері тарап кеткен еді. Tengrinews.kz тілшісі олардың некесін қиған Алматы қаласы Орталық мешім наиб имамы Ермек Көкірекбаевпен байланысып, ақпаратты анықтап көрді.

Имам Тәуекел Мүсілім Алматы қаласындағы Орталық мешітте некесін қидырғанын растады. «Иә, некесін қиғандары рас. Олардың некесін мен қидым. Нақты қай күні екені есімде жоқ. Бірақ ата-анасымен келіп, қыздың әке-шешесінің рұқсатын алып, қазақи жолмен мұсылманша некесін мешітте қиды», — деді Ермек Көкірекбаев. Ал күні кеше әнші Instagram желісіндегі парақшасында алдымен оқырмандарынан «көрімдік» сұрап, сосын болашақ жарының суретін жария еткен.

Сырға салу рәсімінен суреттерді Мүсілімнің болашақ жары Махаббат та Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.

Тәуекел Мүсілімді танымал тұлғалар да құттықтай бастаған. Күні кеше тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында Мүсілімді құттықтап, бақыт тіледі. «Оны көпшілік жақсы көреді, сері жігіттің эталонына балайды. Оның себебі, тек келбетінде емес, жан дүниесінің сұлулығында дер ем. Өзі де, сөзі де түзу, ісімен сыйлы. Əр іске жауапкершілікпен қарайды, артық сөйлемейді, үлкенге құрметі қандай. Анаңа рақмет, көрегендігің үшін, тәрбиең үшін. Жаңа ғана жағымды жаңалығыңды естіп, қуанып отырмын. Жақсы жігіт сендей-ақ болсын. Махаббат екеуіңді құттықтаймын! Бақытқа лайықсыңдар», — дейді Ләйлә Сұлтанқызы жазбасында.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда