jasqazaq.kz

Таудан табылған үш жігіт сұқбат берді (Видео)

28 мамыр 2021, 16:57

21 мамырда Түркістан облысында жеті турист тауға шығып, жоғалып кетті. Бүгін, 28 мамырда оның үшеуі табылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жігіттерді құтқару операциясының видеосын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Табылған үш турист сәтті эвакуацияланды. Олардың жағдайы қанағаттанарлы деңгейдеқ, оларға медициналық көмек қажет емес. Олардың екеуі — 1999 жылы, ал біреуі 2000 жылы туылды. Олардың айтуынша, үш күн бұрын олар екі топқа бөлінген, — деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оларды ата-аналарына тапсырды. Қалған төрт жоғалған адамды іздеу жалғастырылуда.

«21 мамырда тауға шықтық. Қайтарда адасып қалдық, оның үстіне бір адам ауырып қалды. Сол үшін екіге бөліндік. Екеуіміз ауырған адамның жанында қалдық. Қалған төртеуі кері оралып, көмек шақыратындарын айтқан. Біз далада үш күн түнедік. Бүгін өзен жанынан құтқарушылар бізді байқап, тікұшақпен алып келді. Оларға алғысыз шексіз», — дейді видеода үш жігіттің бірі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде