jasqazaq.kz

Тауда жоғалып кеткен үш оқушының бірі өлі табылды

16 маусым 2020, 12:05

Түркістан облысының Төлеби ауданында жоғалған балалар таудан іздестіріліп, құтқару жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 маусымда түстен кейін Төлеби ауданынан 5 шақырымда орналасқан Бұрғылық ауылындағы «Бүрғылық» демалыс орнынан 25 адамнан тұратын топ (үш ересек адам және 22 оқушы) тауға демалуға шығады. Күндіз 9 оқушы мен 1 ​​мұғалім тауға шығып, 6 оқушы мен 1 мұғалім таудан өз бетімен оралған, сонда 3 оқушы жоғалып кеткен.

Таудан түскеннен кейін мұғалім сағат 22: 48-де бұл жайынан «112» нөміріне шұғыл қоңырау шалған. Сағат 23:00-ден бастап іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелерінің, жедел жәрдем бригадасы, полиция бөлімінің 23 адам мен 5 техника жұмылдырылды. 16 маусымда сағат 00: 58-де Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-іздестіру тобы жартастан құлаған 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тауып, оны таудан түсіріп, полицияға тапсырды, делінген хабарламада.
16 маусымда сағат 11.00-де құтқарушылар таудан екі оқушыны тапты. Құтқарушылардың айтуынша, олардың қолында ұялы телефон болған. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары альпинистік техниканы қолдана отырып, балаларды таудан түсіру операциясын жүргізуде. Тау тастары биік, тік және бірбеткейлі болғандықтан адамды алып түсу қиынға соғуда.

Құтқару операциясының нәтижелері кейінірек жарияланады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия