jasqazaq.kz

Тауда жоғалған қызды іздеу жұмыстары көктемде жалғасады

23 қантар 2020, 18:10

Алматыда тауда жоғалып кеткен Әсел Панарғалиеваны іздеу уақытша тоқтатылды. Іздеу жұмыстары көктемде қайта жалғасатын болады. Бұл туралы республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі мәлімдеді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазір республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары тауда жаттығып жатыр. Олар күнде сол маршрут бойынша жүреді. Бірақ іздеу жұмыстары ресми түрде жүргізіліп жатқан жоқ. Сонымен қатар, бізде жоғалған қыздың тауда екені туралы нақты ақпарат жоқ. Мүмкін ол қалада шығар. Десек те, құтқарушылар іздеу жұмыстарын көктемде қайта жалғастыратын болады»,- деп хабарлады республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бойжеткеннің жоғалғаны туралы 10 қараша күні белгілі болды. Ол тау туризмімен айналысып жүрген. 9 қарашада сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған. Одан кейін байланысқа шықпаған.

Космостанция ауданында 9 қараша күні қыздың таудан түсіп келе жатқанын адамдар көрген.

Одан кейін полиция қыздың телефоны арқылы қаланың әр бұрышынан телефон қоңыраулары жасалғанын анықтады.

Кейін іздестіру жұмыстары қыздың туыстарының өтініші бойынша тоқтатылды.

Алайда 12 қараша күні Ә.Панарғалиеваның жақындары іздестіру жұмыстарын жалғастыруды сұрады.

Қызды іздестіруге альпинистер де жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже бермеген соң, Әсел Панарғалиеваның туыстары ол туралы кез келген ақпаратқа ақшалай сыйақы берілетіндігін жариялады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия