jasqazaq.kz

Татарстанда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады, бірнеше адам қаза болды

10 қазан 2021, 16:34

Татарстанда Мензелинск қаласында РЭС базасы маңында әуе клубына тиесілі L-410 ұшағы құлады, деп хабарлады ТАСС-қа жедел қызмет.

«Мәскеу уақытымен 09:11-де Мензелинскіде әуе клубына тиесілі жеңіл моторлы L-410 ұшағы құлады. Бортта 20 адам болған, олардың басым бөлігі – парашютшілер», — деді агенттік дереккөзі. Бортта 23 адам болған, соның ішінде 21-і – парашютшілер. Құтқарушылар ұшақтан жеті адамды шығарып алған, 16 адамның тағдыры белгісіз. «Өрт сөндіру – құтқару жасағы тағы төрт адамды құтқарып қалды. Барлығы жеті адам аман қалды», — деді ТАСС-қа агенттік дереккөзі. Бұған дейін жедел қызметтегі дереккөз 19 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді. Сондай-ақ, ол ұшақтың жергілікті әуе клубы аэродромынан ұшқаннан кейін бірден құлағанын айтты. Агенттік дереккөзінің мәліметінше, ұшақ бір шақырымдай ғана ұшып үлгерген, әуе кемесі құлаған кезде фюзеляжі қираған. Ұшақ 1987 жылдан бері пайдаланылып келеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия