jasqazaq.kz

Татарстанда біржарым жасар қызына «зорлық» көрсеткен әкені сот ақтап алды

01 шiлде 2020, 17:26

Татарстан прокуратурасы өткен жылы бір жарым жастағы қызын жыныстық зорлық көрсеткені үшін айыпталып, сот барысында ақталған 27 жасар Бугульман тұрғынының үкіміне шағымданды. Бұл туралы Татарстан прокурорының аға көмекшісі Руслан Галиев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Прокурор тергеу барысында сот медициналық сараптама жүргізгенін атап өтті. Мамандар қызға келтірілген жарақаттарды кездейсоқ жасалған қадам деу ақылға қонымсыз деген қорытындыға келді.

«Қандай жағдай болса да, баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Алайда, үкімде бұл туралы айтылған жоқ. Сондықтан прокуратура Бугульмин аудандық сотының шешіміне қарсы Татарстанның жоғарғы сотына шағымданды», — деп хабарланды басылым беттерінде.

Айта кетейік, 2019 жылдың қазан айында шақыртумен келген жедел жәрдем дәрігерлері бір жарым жастағы қыздан қан кеткені туралы анықтаған. Дәрігер-гинеколог сәбиге зорлық жасалған деген қорытындыға келеді. Басты күдікті — қыздың өз әкесі. Өйткені, оқиға болған күні қызымен және тағы екі баласымен үйде отырған, жарақат алғандығы туралы хабарлаған.

Алғашында ер адам қызының жаялығын ауыстырып жатып, жарақат келтіріп алғанын айтып ақталған. Кейінірек ол әйелімен болған жанжалдан соң, өзін ұстай алмай баласына тап бергенін мойындады. Сот отырысында жұбайы оны қолдаған және сот «кінәліні» ақтап шыққан еді.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі