jasqazaq.kz

Тасжол бойында жатқан тонна жарылғыш зат ШҚО тұрғындарының үрейін қашырды (Видео)

22 шiлде 2021, 14:57

Шығыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер тасжолдың маңына бірнеше тонна жарылғыш зат қалдырып кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде қараусыз жатқан ондаған қорап пен сөмке түсірілген видео жарияланды. Кадрларды түсірген ер адамның айтуынша, ішінде қауіпті заттар бар және олар Жаңғызтөбе ауылынан 30 шақырым жерде жатыр.

Сондай-ақ, ер адам Жаңғызтөбе — Аягөз тасжолының учаскесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлайды.

Кейін полиция жағдайға түсінік берді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, видео ШҚО Жарма ауданында түсірілген.

«Автожолдың бойында заттар болған. Олар жол құрылысы кезіндегі жарылыс жұмыстарына арналған. Бұл дерекке полиция дереу әрекет етті. Бұл заттарды жарылыс жұмыстарын жүргізетін лицензияланған компания өкілдері әкелгені анықталды», — деді аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полиция аталған заттарды қарау үшін қосымша қарауыл жіберді. Айналаға қауіп жоқ.

«Оқиға орнына ШҚО ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері шақырылды. Олар аталған компанияның қауіпсіздік шараларын сақтауына баға береді», — деді ведомство өкілдері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от интернет-СМИ «kris_p_brothers» (@kris_p_brothers_official)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия