jasqazaq.kz

Тасыған су батыстағы тағы бір республикалық тасжолды шайып кетті (Видео)

02 сәуiр 2022, 18:25

Батыс Қазақстан облысында тасыған су республикалық тасжолды шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» мәліметі бойынша оқиға 1 сәуір күні сағат 17.30-да Самара-Шымкент жолының 479-шақырымында Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы тұсында болды. Күрт еріген қар суы автожолдан асып кеткен.

Атамыш мекеме күшімен су тасқынына қарсы күрес шаралары жүргізілді. «Автожол жиегінің бойына құм салынған қаптар мен ескерту белгілері қойылды. Тиісті техникалар тартылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 2 сәуірде таңғы сағат 05.00-де су тасқыны тоқтады, осы тұстағы құбыр 60 пайызға жұмыс істеп тұр. Жағдай бақылауда. Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолы ашық», деп хабарлады ведомстводан. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр