jasqazaq.kz

Тастанды жұмыртқа

20 сәуiр 2018, 15:43

Жұрттың тауығы тауық, біздің үйдің тауығы қауіп. Қауіпті дейтінім, дей тұрып, опық жейтінім, қара тауығым қарап тұрып кеңкелес болып шықты. Кеңкелес емей немене, үйден шығады да, көшенің кез–келген бұрышына, қоқыс салатын жәшікке, аялдамаға туып кете береді.

Қаланың шетіндегі жер үйде тұратындықтан, базарға барып, бір орыс кемпірден Коля деген аты бар, қораз деген заты бар қоразды, Тоня деген есімі бар, басында қып–қызыл кекілі бар мекиен тауықты сатып алғанбыз. Содан Коляны–Қоразбай, Тоняны–Тауықбике деп атап, мәз–мәйрам болып жүргенімізде, тауығымыз қыт–қыттап, көшеге шығып кете береді.

Бүгін де көшеде ұстай алмай жүрміз.
–Ұста! Алдынан шық! –дедім балама айқайлап.
–Далбақтап жүгіре береме, артынан кел, қатын! –дедім әйеліме. Өзім бұқпантайлап, сол жақ бүйірден келіп, құрыққа байланған торды лақтырып жіберіп едім, тауығымыз тары іздегендей, қыт–қыттай қаша жөнелді.
–Қашты! Алты қырдан асты!
–Мәшине басып кетті!
–Жоқ, ортасынада тұрып қалды!
–Қоқыс жәшігі жанына келді! –деді әйелім.
–Пысылдама! Ақырын! –дедім мен.
–Әке, таспен ұрып құлатайын ба? –деп сұрады ұлым.
–Таспен ұрсаң, ішіндегі жұмыртқасы жарылып қалады! Осы тауықтың жұмыртқасына қарап отырмыз, ернімізді «Қашан туады екен?» деп жалап отырмыз!
–Әке, жатты! Туайын деп жатыр!
–Ақырын сөйле! Шошытып жіберсең, жартысын ғана туады да, қашып кетеді.
–Осылай үрпиіп тұра береміз бе? –деп сұрады әйелім.
–Кешке көже пісір. Ет орнына жалғыз жұмыртқасын пісіріп қоясың.
–Аштан өлетін болдық. Қане, отыз елдің қатарына енетін болдық дегендері? Кедейлері көп елміз…
–Қатын, қыт–қыттай бермеші!
–Ойбай, қораз бола қалуын?!
–Егер тумаса ше? Әшейін алдап жатқан шығар? –деп қалды балам.
–Өшір үніңді! Тауық бекерден–бекер жатпайды! Кеше көршінің үйіне туып кетіпті! Берді ме?
–Қайдан берсін? Атауыңды жегір күйеуі инемен тесіп, шикідей жұтып қойыпты! –деді әйелім. Бір кезде қара тауығымыз орнынан тұрды. Қыт–қыттап, басын қалтаң–қалтаң еткізіп, жан–жағына қарады. Астында жалғыз жұмыртқа жатыр! Қайран, көшелерден табылатын тастанды жұмыртқам!
–Қарашы, қоқыстарға туып кете беретін қазақ қыздары сияқты болды! –деді әйелім күйініп.
–Бұл тауықты соттау керек! –дедім мен кіжініп.
–Ат! Ата бер! –дедім сосын балама. Балам рогаткісімен көздеп, атып кеп жіберді. Тас тура басына тиіп, қара тауығым шалқасынан түсті. Тыпырлап жатыр. «Атаңа нәлет, Тауықбике! Жатырыңнан шыққан жұмыртқаңды қалай қиып тастап кетесің?» дедік те, тауық етінен сорпа пісіріп ішіп, бала–шағамызбен тыңқиып, тойып алдық. Ертеңіне, «Сен қай бір жетіскен Қораз едің?»–деп оны да сойып алдық. Бұрынғының тауықтары үйлерінде жұмыртқалаушы еді…

Мұхтар ШЕРІМ

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді