jasqazaq.kz

Тасқыннан бүлінген ауылдарды өз қаражатымызға жөндейміз

05 мамыр 2020, 21:43

Нота туралы ешқандай әңгіме болған жоқ! Бөгеттің жарылуына байланысты Өзбекстанға наразылық нотасын жібереміз деп мәлімдеген Экология министрінің орынбасары Сергей Громовтың сөзін бүгін Сыртқы істер министрлігі теріске шығарды. Өйткені Қазақстан тарапы қазіргідей қиын жағдайда ала шапанды ағайынмен араздасудан аулақпыз деген ұстанымда. Оның орнына тасқыннан бүлінген ауылдарды Үкімет өз қаражатымызға жөндейміз деп отыр. Сөзі келіспеген министрліктердің мәлімдемесін астаналық тілшіміз тыңдап келді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Күні кеше Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өзбек еліне тасқынға қатысты наразылық нотасын жібереміз деп оқталған еді. Министрліктің мәлімдемесіне сенсек, Өзбекстан трансшекаралық өзен бойларындағы құрылым құрылысына қатысты келісімді бұзып отыр. Нақтысы, апат болған Сардоба су қоймасының құрылысына қатысты біздің елмен еш келісім болмаған. Бірақ бүгін білгеніміз, наразылық нотасы жіберілмейтін болыпты.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

— Экология министрлігі үкіметтің мүшесі ретінде өз көзқарасын, өз ұстанымын беру қажет. Сол ұстанымды бірлестіріп жинап, талқыға салып, үкімет шешім қабылдайды. Сондықтан да, ешқандай да нота туралы әңгіме болған жоқ. Тек қана ұсыныс болды. Ол ұсыныстың барлығы қарастырылып жатыр. Міндетті түрде біздің үкіметтік комиссия Өзбекстанға барып, бұл мәселенің барлығын талқылайтын болады.

Қош, ала шапанды ағайынмен араздаспайтын болдық. Бірақ біздің елдің шығынын өтеуге Өзбекстаннан жәрдем болар-болмасы әлі анықталады. Түркістан облысында 7639 гектар алқап көрші елден келген топан судың астында қалған. Оның басым бөлігіне мақта егілген екен. Қазіргі уақытта егістік шығынын есептейтін мемлекеттік комиссия құрылған.

Асқар Мәмин, ҚР Премьер-министрі:

— Комиссия Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердоуси, Өргебас, Достық ауылдарына келтірілген шығынды шұғыл түрде есептеу бойынша жұмысты жүргізеді. Одан кейін инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым мен үйлер қалпына келтіріледі. Зардап шеккен тұрғындарға үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.

«Айтылған сөз – атылған оқ!» Экология министрлігі кешегі айтқан сөзіне қатысты бүгін бір ауыз түсініктеме беруі тиіс еді. Бірақ, не ауызша, не жазбаша жауап беруге жарамай қалды.

Апаттан соң амалдайтын ел екенімізді мойындамасқа лаж қалмады. «Тасқын — тілсіз жау» деп, жылы жауып қоя салатындар да жоқ емес. Экология министрлігінің мәлімдеуінше, енді су тасқынын болдырмау үшін, нақтырақ айтқанда, Өзбекстандағыдай жағдай бізде қайталанбас үшін биыл бірнеше гидротехникалық қондырғыларды жөндеу жұмыстары көзделіп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде