jasqazaq.kz

Тасқын су Бағыс ауылына баратын жалғыз жолды шайып кеткен

26 сәуiр 2022, 10:17

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тасқын су салдарынан Бағыс ауылына баратын жалғыз жол жарамсыз күйге түсті. Қазір облыстық маңызы бар жол қоршалып, жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, Қазығұрт ауданындағы апатқа қатысты жағдай тұрақтала бастады. Екі ауданда нөсер жауынның салдарынан 7 ауыл округінің 11 елді мекенінде үйлер мен қора-қопсыға су кірген болатын. Суда өлген малдардың саны 370-ке жеткен. Түні бойы ТЖ қызметкерлері су кірген үйлерде мотопомпа арқылы су шығару жұмыстарын жүргізді. Ауыл жастарынан құрылған еріктілер тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр. Қазығұрт ауданындағы 4 елді мекенге қол ұшын беру үшін өңірдің әр аумағынан және Шымкент қаласынан 100-ден астам ерікті жас жиналды. Олар су басқан тұрғын үйлердің ауласы мен қора-жайларды, көшелерді лай-батпақтардан тазалау жұмыстарына атсалысуда. Атап айтқанда Түркістан мен Арыс қаласы, Келес, Төлеби, Сарыағаш, Мақтаарал, Сайрам аудандары, сондай-ақ Шымкент қаласының еріктілері ауыл тұрғындарына көмектесіп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр