jasqazaq.kz

Тасқын қаупі 74 елді мекенге төнуі мүмкін

18 ақпан 2019, 15:21


Төтенше жағдай өкілдері Шығыс Қазақстан облысында қанша елді мекенге қауіп төнуі мүмкін екенін айтты.

ҚазАқпарат жазғандай, былтырғы көктем шығысқазақстандықтардың есінен кете қойған жоқ. Дайындық қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр. Тасқынға осал деген орындарда арықтарды аршу, қар тазалау жұмыстары жанданды. Ал су бөгеттері мен өзендердің жағасы бекемделуде. Беті қалың қатқан өзендерде жуық арада мұз жару шаралары ұйымдастырылмақ. «Қардың қалыңдығы жылдық мөлшерден асып кеткен. Синоптиктер әлі де қар жауады деп отыр. Тек топырақтың тоңы былтырғыдай терең емес. Тасқын қаупі 74 елді мекенде сақталады. Алдын алу шараларының арқасында 14 елді мекеннің дайындығы тас-түйін деңгейге жетті. 12 елді мекенде қауіп деңгейі бәсеңдетілді» — делінген төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті таратқан ақпаратта. Облыс бойынша осы дайындықтарды пысықтайтын 6 жедел топ құрылған. Ал су сорғыш техниканың саны былтырғыдан үш есеге артқан. Былтырғы жағдайдан кейін респбуликалық бюджеттен де, жергілікті қазынадан да қажет техника мен құтқару құралдарын алуға қаражат бөлінген болатын. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті жұмылдырған күш 1000 адамнан асып отыр. 300 жүрдек техника, 60 жүзу құралы, 10 тікұшақ пен 1 ұшақ сақадай сай тұр.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты