jasqazaq.kz

Тасқамалдағы қызыл гүл

14 наурыз 2018, 13:13

«Көктем аруы — 2018» байқауының жеңімпазы болған Жанар есімді ару француз және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Қостанай қаласында орналасқан УК-161/11 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемеде көктем мерекелеріне арналып осы мекемеде жазасын өтеуші әйелдер арасында «Көктем аруы — 2018» байқауы өтті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдени іс-шараның негізгі мақсаты мекемеде салауатты өмір салтын ұстану, эстетикалық тәрбиелеу болып табылады. Яғни жазасын өтеп жатқан әйелдердің бос уақытын осындай түрлі тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру арқылы оңтайлы өткізу.

«Әдетте мұндай конкурстар болғанда, қатысушыларға бойы, салмағы, сондай-ақ отбасылық жағдайы ескеріліп, қатаң талаптар қойылады. Ал мекемеде өткен байқауда мұндай талаптардың болмауына байланысты оған кез келген қыз қатысуға ниет білдірді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай шаралар сотталғандардың шығармашылығын, өнерлерін шыңдауға үлкен септігін тигізеді», — дейді УК-161/11 мекемесінің психолог-маманы Динара Мадиярова.

Облыстық халық шығармашылығының өзіндік әрекеті және Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының өкілдерінен құралған әділ қазылар алқасы жүлдегерлерді әртүрлі номинация («Нәзік ару», «Инабатты ару», «Сымбатты ару») бойынша анықтап, грамоталар мен сыйлықтар табыстады.

«Көктем аруы — 2018» қыз сыны байқауының жеңімпазы болып алаяқтық әрекеті бойынша сегіз жылға сотталған Жанар есімді ару атанды, ол француз және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты