jasqazaq.kz

Ташкенттегі үйлердің бірінен африкалық арыстан табылды

02 ақпан 2018, 15:55

Өзбекстанның Ташкент облысында жергілікті тұрғындардың бірі заңсыз африкалық арыстанды асырап келген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Сегіз айлық арыстан Ташкент облысы Тутзор ауылындағы үйлердің бірінен табылды. Аң жекеменшік кәсіпкерлікке тиесілі. Алайда кәсіпкерлік өкілдері оған қатысты ешбір құжат көрсете алмады.

«Аңның мұрны жарақаттанып, көп уақыт дұрыс тамақ жемегені байқалады. Яғни иесі дұрыс күтім жасамаған. Тіпті, жарты метрлік темір тордың ішінде еркін қозғала алмай жүр», — дейді Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитеті жергілікті инспекциясының өкілі.

Қазір африкалық арыстан Ташкенттегі зообаққа жеткізілді. Сол жерде қалпына келіп жатыр. Аталған фактіге сәйкес, тергеу жұмыстары жүргізіледі. Әзірге оның иесіне 172 400 сом көлемінде айыппұл салынды.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды