
Ташкентте тегін палау жеуге келген адамдар қысылып қалған. 10 қабаттық сауда үйінің ашылуына орай палау тегін берілген. Жергілікті телеграм каналдар оқиға орнынан видео таратқан.
Видео кадрларында адамдар ғимаратты қоршап алғаны көрінеді. Адамдар сауда үйіне кіру үшін жанталасып, қысылып жатқанын көруге болады.
Еске салсақ, Ташкентте 2017 жылы дәл осындай жағдай болған. Өзбек мәдениеті фестивалі аясында рекордтық палау дайындалды, тағамның жалпы салмағы 7,3 тоннадан асты. Ол кезде тұрғындар палау үшін төбелесіп, көп адам қысылып қалған.
Stan.kz