jasqazaq.kz

Ташкентте Төле бидің 355 жылдығы атап өтілді

30 қыркүйек 2018, 21:15

Ташкент қаласында қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі Төле бидің 355 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстанның зиялы қауымы мен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ Түркістан облысынан арнайы келген делегация қатысты. Жиналған халық Шейхантаур мемориалдық кешенінде қазақ биінің рухына тағзым етті. Бұдан бөлек, Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Төле биді еске алуға арналған конференция өтті. Оның барысында бауырлас қос елдің ғалымдары мен жазушылары ұлы шешеннің қоғамдық қызметі туралы баяндамалар жасады. Түркістан облысы Төле би ауданының әкімі Бауыржан Омарбек Өзбекстанның Жазушылар одағына Төле бидің өміріне арналған жеті томдық кітапты салтанатты түрде табыс етті. Еске салайық, қазақтың үш ұлы биінің екеуі Өзбекстанда жерленген: Төле би Ташкенттегі Қарлығаш би мавзолейінде, Әйтеке би — Навои облысында. «Әрбір ұлттың ұлы тарихи тұлғалары, даналары, билеушілері бар. Олардың ізі мәңгіге қалып, елдің мәдениеті мен тарихына қызмет етеді. Төле би — осындай тұлғалардың бірі. Ол халық үшін қиын-қыстау кезең болған — 17 ғасырда елді бірлікке үндеп, ұдайы көмектесіп отырған. Ең даулы мәселелерде әділ шешім қабылдаған», — деді Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі Ахмаджон Мелибоев.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді