jasqazaq.kz

Ташкентте палау басудан әлемдік рекорд орнатылды (видео)

11 қыркүйек 2017, 10:43

Өзбекстан астанасы Ташкентте палау басудан әлемдік рекорд орнатылды. Бұл жолы аспаздар тай қазанда 7 тонна 360 келі палау пісіріп, жетістігін Гиннестің рекордтар кітабына жаздырды.

Асты әзірлеу үшін 1,5 тонна қой еті, 1 тонна 900 келі күріш, 2,5 тоннадан астам сәбіз бен 220 келі пияз қосылған. Бұдан бөлек, дәмдеуіштің бірнеше түрі тағы бар. Ала тақиялы ағайындардың ұлттық асы «Өзбегім» деп аталатын дәстүрлі мәдени фестиваль аясында әзірленді. Оны пісіруге елдің түкпір-түкпірінен 50 аспаз атсалысқан. Ал дайын болған дәм фестиваль қонақтарына балалар және қарттар үйіне таратылды. Каримджон Абдураззоков, фестиваль қонағы: — Осы палауды көру үшін Бекабад қаласынан арнайы келдім. Өзіммен бірге бала шаға, немерелерімді де ертіп алдым. Әрқашан асымыз көп, жұртымыз тыныш болсын! Ал мемлекетіміз гүлдене берсін!

 

24.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде