jasqazaq.kz

Тартыспен өткен турнир

30 қараша 2021, 15:08

Алматыда Naiza FC лигасының кезекті турнирі өтті. NFC – 35 турниріндегі 15 жекпе-жектің барлығы да тартысқа толы болды. Басты жекпе-жекте Николай Самсуев өзінің чемпиондық белбеуін қорғап, Райымбек Орынбайға қарсы айқаста жеңіске жетті. Айтпақшы «жауынгер» деген лақап аты бар Самсуев айқастан кейін сұхбат беріп: «Лиганың басшылығына айтарым, мені енді қазақ ұландарына қарсы айқасқа салмаңыздар, басқа елдің спортшыларын шақыртқан дұрыс» деп мәлімдеді. Мұнысын «әр қазақ менің жалғызым» дегендей жерлестеріме деген құрметім деп түсіндірді.

Турнирдің ең қысқа жекпе-жегі Елжан Әлиасқар мен дағыстандық Руфани Валиев арасында өрбіді. Кәспқой спортта 7 рет жекпе-жекке түсіп, барлық қарсыласын жеңген Валиев өзіне нық сенімді болды. Маң-маң басып октагонға шыққан ресейлікті 17 секундта Елжан ұрып құлатты.
Бұл жолғы турнирден не түйдік? Қазақы ұғым-түсінік, салт-дәстүр де ММА спортына қарға адымдап болса да жақындап, еніп келеді. Оған себепкер осы турнирді ұйымдастырушы Нұрбек Қарабала бастаған DAR Team командасы. Жекпе-жек кезінде ақ жаулығын тағынып, кимешегін киген әжеміз ортаға шығып көпшілікке шашу шашты. Жиын, тойдың беташары, жақсылықтың жаршысы саналатын қазақтың шашу шашу салтының сайыс кезінде көрініс беруі ұтымды шыққан. Одан бөлек экраннан елінің ертеңі үшін етігімен су кешкен қайраткерлері, батыр тұлғаларының бейнесі мен қысқаша өмірбаянын бүгінгі күндегі спорт майталмандарымен қабыстыра беруі де сәтті шықты.

ММА индустриясы біздің елде енді-енді еңсе тіктеп тамырын тереңге жайып келе жатқан өріс. АҚШ-та, Ресейде бұл сала қыруар қаржының қайнар көзі саналады. Турнирді ұйымдастырушы, Naiza FC лигасының президенті Нұрбек Қарабала келешекте біздің елімізде де ММА саласы қарқынды дамып, өрісі кеңитініне сенім білдірді.

Қуаныш Рахмет

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты