jasqazaq.kz

Тәртіпсіздікке шақырған екі ер адам ұсталды (видео)

11 ақпан 2020, 15:00

Алматыда азаматтарды тәртіпсіздік пен зорлық жасауға шақырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Полиция департаменті Тергеу басқармасының мәліметінше, күдіктілерді полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері анықтаған.

Ұсталғандар — 1990 жылғы және 1987 жылғы ер адамдар. 1990 жылғы ер адамның осыған дейін қарақшылық үшін сотты болғаны айтылады. Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде халықты адам көп жүретін жерде жиналып, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырған.

https://youtu.be/b2gCvncLOWE

«Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 3-бөлігі бойынша жазаланды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті сенімсіз дереккөздерден тараған ақпаратқа сенбей, арандатуға ермеуге шақырады», — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия