jasqazaq.kz

Тәртіпке бағынған құл емес. Полицейлерге тіл тигізіп, ұруға болмайды

13 тамыз 2020, 17:13

Алматы облысында жыл басынан бері өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкіліне тіл тигізу дерегі бойынша 22 қылмыстық іс қозғалған, 16 адам сот шешімімен бас бостандығынан айырылса, 30 адам әкімшілік қамаққа алынған. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкерлері заң өкілдерінің әрекеттерімен келіспейтін және мінез танытатын азаматтармен бетпе-бет келеді. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына белсенді қарсылық көрсете отырып, өз әрекеттерінің салдарын жете түсінбестен, көпшілік алдында билік өкіліне тіл тигізеді және оларға қарсы күш қолданады. Дегенмен, қолданыстағы қылмыстық заңнамада полиция қызметкерлеріне қарсы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің арнайы нормаларымен қарастырылған», — деп хабарлады Алматы облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Самал Арғынғазинова.

ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, сондай-ақ он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

«Әрбір іс бойынша күдікті адамдар міндетті түрде уақытша ұстау изоляторларына қамаққа алынады. Ағымдағы жылдың 7 айында ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша 22 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде 16-сы айыптау актісімен сотқа жіберілді, 6 іс өндірісте. 30 күдіктіге қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қабылданды», — деп атап өтті спикер.

Мысалы, Қарасай аудандық сотының үкімімен И. есімді азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық-тұрмыстық жанжал бойынша келген Қарасай АПБ екі учаскелік полиция инспекторына қарсы пышақ қолдану арқылы қарсылық көрсеткен және нәтижесінде бір тәртіп сақшысына дене жарақатын салған.

«Көптеген жағдайларда кейбір азаматтар агрессивті қарсылық көрсетеді, қызметкерлерді арандатуға тырысады, тіпті өміріне қауіп төндірумен қорқытады. Сонымен қатар, олар осы әрекеттердің барлығын ұялы телефондарға түсіреді, шын мәнінде шынайы себептерді бұрмалай отырып, өздеріне тиімді тұстарды ғана түсіреді. Заңсыздыққа жол бермеу мақсатында барлық сақтық шараларын, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын қатаң сақтауға, ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөзіне сүйене отырып, өкінішке әкеп соғатын әрекеттер жасамауға шақырамыз», — деп қорытындылады полковник Самал Арғынғазинова.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия