jasqazaq.kz

Тәртіпке бағынбай, полицияға қол көтерді (видео)

26 сәуiр 2020, 21:11

#үйдеотыр

Түркістан облысы Кентау қаласының полицейлері карантин режимін бұзғанына қарамастан тәртіп сақшыларына қол көтерген жергілікті тұрғынды ұстады.

23 сәуірде Кентау қ. ПБ-нің кезекші бөліміне карантин кезінде қала көшелерін патрульдеген полицейлерге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Кентау қалалық ПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша қызмет атқару кезінде көшеде бетпердесіз жүрген ер адамды тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөліміне жүруді өтінген кезде, тәртіп бұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған, күш қолданып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған.

https://youtu.be/nEFus7TtYoM

Оқиға орнына Кентау қ. ПБ-нің жедел-тергеу тобы шықты. Күдікті ұсталды, ол бұрын есірткі ұрлағаны және сақтағаны үшін сотталған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған жай Кентау қаласы ПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда Кентау қалалық сотының шешімімен күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия