jasqazaq.kz

Тәртіп сақшысы есірткі сатумен айналысқан

10 ақпан 2021, 22:20

Маңғыстау облысында есірткі саудасымен айналысқан полицей сотталды. 30 жастағы тәртіп сақшысы енді алдағы бес жылын түрмеде өткізеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тәртіп сақшысының есірткі саудасымен айналысып жүргені былтыр жазда әшкере болған. Мұнайлы ауданының учаскелік полиция инспекторы танысына сіріңке қорапшасына салынған марихуанна сатқан. Есірткіні сатып алған азамат полицейді бірден ұстап беріпті. Алайда тәртіп сақшысы кінәсін мойындаған жоқ. Десе де 5 жылға үкім кескен судья оны шенінен айырып, мемлекеттік қызметтен біржола аластатты.

Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

— Өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салынып және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен бірге ҚК 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес, полиция капитаны шенінен айыру туралы жаза тағайындалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде