jasqazaq.kz

Тәртіп бұзған қыздар жазаланды

03 шiлде 2020, 13:13

Шымкентте түнде тыныштық бұзған масаң күйдегі қыздар уақытша уытсызданыру орталығына жеткізілді.

2 шілде сағат 03:45 шамасында полицияға тұрғындардан “Восток” мөлтек ауданындағы үйлердің бірінің ауласында түнгі уақытта тыныштықты бұзу жайты орын алып жатқаны туралы хабарлама түскен. Шақырту бойынша орынға жедел жеткен полиция қызметкерлері тұрғын үйлер ауласында үш қыздың спирттік ішімдік ішіп отырғанын анықтады. Аталған тұрғындар полицейлердің ескертулеріне құлақ аспай, ары қарай отыра бермек болған.

https://youtu.be/_dSrcgMlHAA

Тәртіп сақшылары олардың алкогольдік масаң күйін анықтау мақсатында медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жеткізді.

Куәландыру нәтижесінде орта дәрежеде алкогольдік масаң күйі анықталған қыздар уақытша уытсыздандыру орталығына жеткізілді. Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындардан түнгі уақытта тыныштықты бұзбауларын сұрайды.

Ақпарат көзі Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия