jasqazaq.kz

«Тарихи күндер тізбегімен» фестивалі өз мәресіне жетті

23 қазан 2022, 16:21


⠀
Егеменді еліміздің салт-дәстүрлерін дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи күндер тізбегімен» атты февтивалінің қорытынды кезеңі өтті. Аталған іс-шара⠀25 қазан – Республика күніне орай болды. Салтанатты кеште Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының жастары өз өнерін көрсетіп, дарындылығымен көзге түскен қатысушылар бас жүлдені иеленді.
⠀
–Жастар арасында «Тарихи күндер тізбегімен» атты фестивалі 3 күн бойы жалғасты. Алғашқы күні ер жігіттеріміз ұлттық ойындар бойынша сайысқа түскен болса, екінші күні ару қыздарымыз ұлттық тағамдарын әзірлеген болатын. Бүгін⠀дәстүрлі өнер бойынша бақтарын сынайтын болады,- деді Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай.


⠀
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен болған іс-шараға 14-29 жасқа дейінгі жастар қатысты. Оларға ұлттық нақыштағы киім үлгісінде болу міндеттелген. Ал фестивалдің әділ өтуін бақылап отыру үшін арнайы төрешелер шақыртылған. Олар: әнші, «Х фактор» өнер сайысының жеңімпазы Астана Қарғабай мен жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Заманбек Орынбеков.⠀

Фестивальдің қорытынды нәтижесінде жан-жақты белсенділік танытып 1-ші орынға ие болған — Орталық Азия Инновациялық университеті жеңімпаз атанып, Жастар ресурстық орталығының атынан арнайы дипломмен марапатталды. Және ноутбук сыйлығына ие болды.Екінші орын — Ж. Ташенов атындағы университеті, үшінші орын — Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне бұйырды.

Шымкент қаласында «Қайырымдылық керуені» республикалық форумының жұмысы қорытындыланып, белсенді қатысушылар марапатқа ие болды. Шаһарда алғаш рет өткен форумға еліміздің барлық аймағынан келген 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.

Форум аясында «Балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында дөңгелек үстел, Оқушылар сарайында балалар үшін арнайы «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Актерлық шеберлік» сыныптарында мастер-класстар өткізілді. Әр өңірден келген 100-ге жуық жастар қала әкімдігінің қолдауымен шаһардың көрікті жерлерін аралады.

Іс-шара жастар ресурстық орталығының залында Гала-концертпен қорытындыланды. Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байғонақов шаhарда көптеген қайырымдылық істер қолға алынғанын атап өтіп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Концертте еліміздің барлық аймағынан келген дарынды жастар өз өнерлерін паш етті.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр