jasqazaq.kz

Тәрбиешінің лагерьдегі балаларды не үшін ұрғаны белгілі болды

17 тамыз 2019, 22:12

Түркістан облысындағы лагерьлердің бірінде 18 жастағы тәрбиеші 4 жеткіншекті не үшін ұрып-соққаны белгілі болды. Олар душқа түсіп жатқан тәрбиешіге сығалап қараған екен.

Душқа түсіп жатқанда сығалап қараған: Тәрбиешінің лагерьдегі балаларды не үшін ұрғаны белгілі болды

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде жазды.

«Комиссия 14-15 жастағы жеткіншектердің душқа түсіп жатқан 18 жастағы тәрбиешіге сығалап қарағанын анықтады. Артынша тәрбиеші байқап қалып, өзі жазалауды жөн көрген», — деп жазды Қалқаманов.

Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин оқиғаның мән-жайын айтты.

«15 тамызда жоғарыда аталған тұлғалар су ойындарынан кейін душқа сығалап қарай бастаған. Ол кезде 2001 жылғы тәрбиеші душқа түсіп жатқан. Тәрбиеші оларды байқап, ашуланып, ұрып-тебе бастаған. Сол жердегі ұлдардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алып, WhatsApp мессенджері арқылы топқа жіберген.

Топтың анықталмаған қатысушыларының бірі видеожазбаны ата-анасына жіберіпті. Кәмелет жасқа толмаған балалар деректі жоққа шығарып отыр. Демалып жатқандардың ата-аналары шақыртылды.

Сырттай қарағанда кәмелет жасқа толмаған балалардың денесінде көзге көрінетін зақым жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерек Төле би аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Тексеріс жүргізіліп жатыр», — деп жазды Аружан Саин әлеуметтік желіде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы лагерьде балаларды ұрып-соғу оқиғасы жайлы жазған едік. Білім және ғылым министрлігі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда