jasqazaq.kz

Тәрбиеші баланы тұншықтыру себебін түсіндірді

28 тамыз 2018, 14:02

Атышулы видеодағы көрпемен баланы тұншықтырған тәрбиеші айыбын мойындады. Ол тергеушілерге қызды осылай ұйықтатпақ болғанын айтқан, деп хабарлайды Sputnik.

Қарағанды облысы ішкі істер департаментіндегілер тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді. Видеодағы әйел Теміртаудағы балабақшалардың бірінде шын мәнінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Видеоны екінші тәрбиеші биыл мамыр айында түсірген екен, бірақ тек қазір ғана жариялап отыр.

«Видеодағы әйел — балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін 50 жастағы тәрбиеші, — дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров, — Ол баланы ұйықтата алмағанын, қыздың оны тыңдамай, керуеттің үстінде секіргенін айтады. Сондық әйел баланы көрпенің астына тығып, солай ұстап тұрған. Сондай-ақ қыздың ата-анасы табылды, олар тәрбиешінің үстінен арыз түсірді».

Сотқа дейінгі тергеу 140-бап «Кәмелеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау» бойынша жүріп жатыр. Әйелді қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз.

Бұл қылмыстық бап бойынша бас бостандығынан айыру қарастырылмаған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді