jasqazaq.kz

Тәрбиеші баланы еденге лақтырды (видео)

04 наурыз 2021, 15:28

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы тәрбиешісінің балаға қатал қарауы және тәрбиелеу жөніндегі өзіне жүктелген міндеттерін орындамауы туралы арызбен жүгінді. «Қазіргі уақытта ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалған» делінген хабарламада. Балабақша директоры мен тәрбиешісі ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы аясында қызметтерінен босатылды. Бүгін ШҚО білім басқармасының басшылығы балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен кездесу өткізеді. «Сондай-ақ қаланың үздік психологтары балалармен жұмыс істеуге тартылатын болады. Мәселе облыс басшылығының бақылауында» делінген ақпаратта.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия