jasqazaq.kz

Тәрбиеші балаға қол көтерді (видео)

04 наурыз 2020, 16:08

Ақтөбеде «Шағала» шипажайында ем қабылдап жатқан баланы тәрбиеші ұрып, видео әлеуметтік желі арқылы кең тарап кетті.

Ақтөбеде «Шағала» шипажайындағы оқиғаға байланысты тексеру басталды. «Бұл жағдай 1 наурыз күні болды. Балалар ұйқыдан тұрған соң демалыс бөлмесіне барған кезде тәрбиеші оны сүлгімен ұрған. Тәрбиеші өз ісін мойындады. Құқық қорғау органдары келіп, қылмыстық іс қозғады. Түсініктеме алды. Тәрбиешінің айтуынша, тек бір баланы ұрған. Себебі бала балағат сөз айтып, қарсы сөйлеген. Маманымыз 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұрын ондай қылығын көрмедік», — деді «Шағала» шипажайының бас дәрігері Серік Жаңылсынов.

Шипажайда осы оқиғаға байланысты жиналыс өткізіп, баланы ұрған және оны көріп тұрып, еш шешім қабылдамаған маманды жұмыстан шеттету туралы шешім шығарды. «Видео түсірген баланың ата-анасы келіп, мәселені айтты. Оқиға демалыс күні болса да бәрі бүгін анықталып отыр. Соққы алған бала Қобда ауданынан келіп, осы жерде ем қабылдап жатыр. Мұнда манту екпесі ісіп кеткен балалар жатады. Баланың жасы 10-да. Ақпан айында ғана шипажайға келді», — деді Серік Жаңылсынов. Бас дәрігердің айтуынша, тәрбиеші ұрып-соққан бала ешкімге арыз жазбады.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Алматы аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау» бабы бойынша іс қозғалып, тергеуді бастады. Бірнеше сот-медициналық сапартама тағайындалды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия