ҚазҰУ, Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы С.Ш. Даубасова топ тәлімгер ретінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Тәрбие отбасынан басталады» атты тақырыпта 3 курс құқықтану мамандығының 304-топ студенттері мен кафедра профессор-оқытушы құрам мүшелерінің қатысуымен ашық сабақ ретінде наурыз айында онлайн іс-шара өткізлді.
Әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – дегендей балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс. Ал тәрбиенің бастауы – Отбасы.
Аталған тақырыпта Заң факультетінің 304-топ студенттері: Д. Наушаева өз ойын: Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді – деп бастаса, Ж.Бейсенбекова: Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту – деп қостай кетті.
Әрине, отбасы барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын ұстана отырып, бүгінгідей жаһандану жағдайында бұл бастаманың маңызы ерекше екенін айта аламыз. Жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жобасы аясында елім, жерім деген патриотизмді сезіне білу әрбір қазақстандықтың ойланатын ісі деп білемін. Жолдаудың қазақ тілінде ғана жариялануы, жерін басып, суын ішіп жүрген қазақстандыққа үлкен ой салады. «Мен Қазақстанға, туған жеріме қандай игі іс істедім»,- деп өзінің істеген ісіне баға беретін кез келді.
Өткізілген іс- шараның ерекшелігі ретінде көрсетілген Ақан Сатаевтың «Томирис» көркем фильмі — Қазақ даласын мекендеген ер жүрек салт аттыларды және көшпенділердің данышпан патшайымын суреттеген. Бұл туынды ер азаматтарға намысшылдық пен батылдықты үйретсе, қыздарымызға ақылы мен көркіне сай қазақ қызының бейнесін көрсетті. Өз тарихымызды, мәдениетімізді білу әрбір қазақтың борышы екенін естен шығармауымыз қажет.
Біз дамыған алдыңғы қатарлы ел болу үшін тілімізді, дінімізді, рухани дәстүрімізді, мәдениетімізді дамытуымыз керек. Дамытқан кезде барлығы бір-бірімен үнемі рухани байланыста болуы шарт. Заман сынына сүрінбей озық дәстүрлерді табысты жаңғыртуымыз қажет. Елбасы бес басымдылыққа ерекше тоқталды. Оның біріншісі — бәсекелестік. Бәсекелестік қабілет дегеніміз — ұлттың аймақтық жаһандық нарықтағы бағасы. Ұлттың табысты болуы — оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Рухани байып, ерекше әсер алған студенттер болашаққа деген сенімдері ерекше қанаттандырды. ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттері болашаққа нық сеніммен қарайтын, елміздің көркеюіне өз үлестерін қосатын студенттер екендіктерін баяндап, іс- шараны қорытындылады.
С.Ш.Даубасова,
Заң факультетінің қылмыстық құқық,
қылмыстық іс жүргізу және криминалистика
кафедрасының аға оқытушысы, 3-курс 304 топ тәлімгері