jasqazaq.kz

Таразға Үндістаннан қазақстандықтар ұшып келді

04 сәуiр 2020, 15:21

Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жұма күні сағат 22.30-да Әулие-Ата халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ қонды. Бортта 106 адам болған, оның ішінде 91 адам қазақстандық және 15 Қырғызстан азаматы. Барлық жұмылдырылған қызметтер алдын ала ескертіліп, жолаушыларды қабылдауға дайындалды.

«Екі адам дене қызуының жоғарылауына байланысты провизорлық стационарға орналастырылды. Барлық жолаушыдан талдау алынып, зертханаға жіберілді. Коронавирус анықталмаса, олар тұрғылықты жері бойынша 14 күн үй карантиніне жіберіледі», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушылардың барлық жеке заты, автобустар мен жедел жәрдем көлігі өңдеуден өтті. Ал Қырғызстан азаматтары арнайы автокөлікпен өз еліне кетті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия