jasqazaq.kz

Тараздық тұрғын үйін тұзға толтырып, дәретін терезеден төгіп жүр (Видео)

30 қараша 2021, 23:00

Баспанасын тұзға толтырып, дәретін терезеден төгетін тараздық тұрғыннан көршілері құтыла алмай жүр. Қоңсыластардың сөзінше, ақыл-есінің кемістігі бар 42 жастағы келіншек пәтеріне тонналап тұз жинап қойған. Наразы топ енді ол еріп, үйді шірітуі мүмкін деп қорқады.

Сондықтан осыған қатысты тиісті орындардың қандай да бір шара қолдануын сұрап отыр. Толарсақтан тұз кешіп жүрген келіншектің пәтеріне КТК тілшісі барды. Көп қабатты үйде бес жылдан бері бірге тұратын көршілері жалғызбасты келіншектің пәтеріне бірінші мәрте бас сұғып аң-таң болған. Екі бөлменің қақ ортасына көлемі тоннадан асатын тұз төгіліп, айналасына шашылып жатыр. Тұрғындар такси арқылы көршісінің тұзды қабымен алдырғанын көріп жүрдік, бірақ мұншалықты жиналады деп ойламадық дейді.

— Мына тұзды қайдан алдың?

— Сатып алдым.

— Қайдан? Масқара ….

Жалғызбасты келіншектің пәтеріндегі әжетханаға да отырмайтыны белгілі болды. Көршілерінің айтуынша, ол ыдысқа үлкен де, кіші дәретін сындырып, оны далаға терезеден төгеді екен. Одан бұл әрекетін доғаруды талап еткенімен, еш нәтиже шықпаған.

Әлия Қалауова, көршісі:

— Ол кісі бізге «сайтансыңдар» дейді. Оның түсінігінде біз үйге жылан жіберіппіз. Содан қорқып дәретханаға да отырмайды екен. Ол ылғи: «Сендер жіберген жын-сайтанды қууым керек» деп, есік-терезені ашып, жоралғыларын жасап жүреді. Оған тұз сол үшін керек көрінеді.

Ауылдастарының айтуынша, 42 жастағы келіншектің ақыл-есі кем. Ол анда-санда болмаса, далаға көп шықпайды дейді. Оған азық-түліктің де қалай жеткізілетінін түсінбеген көршілері дәулетті туыстары бар екеніне сенімді. Оны үйдегі қымбат жиһаздардан аңғарыпты. Бұл көршілер арасында болған соңғы айқай.

Екі қоңсылас бір-бірінің үстінен арыз түсіріп, түбінде кемістігі бар кісіні психдиспансерге алып кеткен. Енді ол ем алып болған соң қайта оралады. Ал көпшілік оны қалап отырған жоқ. Өйткені кейде далаға жалаңаш шығып кететін ауытқуы бар адам балалар өміріне де қауіпті дейді.

Сондықтан тығырыққа тірелген тұрғындар 42 жастағы келіншектің туыстары келіп, оны қарауына алса дейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде