jasqazaq.kz

Тараздық түлек Lexus мініп, каналға түсіп кеткен (Видео)

25 мамыр 2022, 23:54

25 мамырда Тараздағы Тәуке хан көшесінде орналасқан «Қазақ хандығы» монументінің маңында Lexus көлігі каналға түсіп кеткен. Тізгінде 17 жастағы оқушы болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram-дағы taraz_police паблигіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, сақтандыру полисіне сәйкес автокөлік құралын жүргізген 21 жастағы Lexus жүргізушісі таныс түлектермен бірге бітіру кешін атап өту үшін «Қазақ хандығы» монументіне келген.

Жүргізуші шаруасымен жүргенде оның жолаушысы — 17 жастағы мектеп түлегі өз еркімен көлік тізгіндеген. Осы кезде жас жігіт тежегіш пен газ педальдарын шатастырып алып, тізгінге ие бола алмай, каналға түсіп кеткен. Абырой болғанда, түлек зардап шекпеген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тараз.қ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ (@taraz_police)

«Осы құқықбұзушылық үшін кәмелетке толмаған оқушы ата-анасының қатысуында ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі («Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы») бойынша әкімшілік жазаға тартылған. Түлектің ата-анасына 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр