jasqazaq.kz

Тараздық оқушының көлікпен каналға түсіп кеткен видеосы пайда болды

28 мамыр 2022, 16:35

Тараз қаласында рұқсатсыз автомобиль руліне отырып, көлікті басқара алмай каналға түсіп кеткен мектеп түлегі әрекетінің видеосы желіде тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеодан байқалғандай жүргізуші тез бұрылуға әрекет жасайды, нәтижесінде көлігімен каналдағы суға түсіп кетеді. Кейін анықталғандай, автомобиль руліндегі оқушы газ бен тежегішті шатастырып алған. Еске сала кетейік, бұған дейін Таразда мектеп бітіруші түлектің көлікпен каналға түсіп кеткені туралы хабарлаған едік. Оқиға 25 мамыр күні Тараз қаласында болған. Мектеп бітірген түлек көлік иесінің шығып кеткенін пайдаланып, рулге рұқсатсыз отырған. Аталған өңірдегі полиция департаментінің мәліметінше, рулдегі жасөспірім зардап шекпеген және ол көлікте жалғыз болған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары оқушының ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр