jasqazaq.kz

Тараздағы жарылыс: марқұмдардың отбасына 1 млн теңгеден беріледі

27 ақпан 2019, 16:57

Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылысқа қатысты Елбасы тапсырмасымен арнайы құрылған үкімет комиссиясының мүшелері Тараз қаласына шұғыл ұшып келіп, оқиға орнына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен комиссия отырысы өтіп, оқиғаның себеп-салдары жан-жақты талқыланды. Жеңіс Қасымбек орын алған жағдайды егжей-тегжейлі зерделей келе нақты қорытынды шығару қажеттігін және қажет болса арнайы мамандарды басқа қаладан алдыру керектігін баса айтты. Барлық зардап шеккен тұрғындарға жеке-жеке хабарласып, психологиялық және медициналық көмек көрсетіп, уақытша орналасатын пәтерлермен қамтамасыз ету керектігін тапсырды.

Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің басшысына қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың дүние-мүліктері қолды болмауын тапсырып, ондағы күзету жұмыстарын күшейту керектігін айтты. Штаб жұмысын өткізген комиссия тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, қайтыс болған тұрғындардың отбасыларына қала әкімдігі тарапынан 1 миллион теңгеден қаржылай көмек берілетін болды. Комиссия отырысынан кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек пен облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауруханада жатқан тұрғындардың жағдайын білді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде