jasqazaq.kz

Тараздағы зергерлік дүкенді тонап кетті

28 қазан 2020, 14:36


Тараз қаласындағы зергерлік дүкеннен ірі көлемде зергерлік әшекей бұйымдар ұрланды. 
Қарақшы дүкенге ғимарат қабырғасын бұзып кіріп, алтын бұйымдардың көп бөлігін алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 25 000 000 теңгені құрайды. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орын алған аумақты тексеру барысында дүкенге қылмыстық шабуыл жасау алдын ала мұқият дайындықпен ұйымдастырылғаны белгілі болды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласы ПБ 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні қолға түсірген. Ол Қарағанды облысының 49 жастағы тұрғыны болып шықты», -делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия