jasqazaq.kz

Тараздағы ресейлік қыздың өлімі: полиция мән-жайды айтты

15 қантар 2022, 12:10

Полиция департаменті Тараздағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ресейлік қыздың өліміне қатысты түсінік берді. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

«1995 жылы туған М.Ким шынымен, Ресей азаматы болған, Қазақстан аумағында ықтиярхатпен тұрған. Ол тәртіпсіздіктер кезінде қарулы адамдар атыс бастағанда оқ жарақатынан қайтыс болды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Аталған дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Mash Telegram-арнасы қызға жеті рет пышақ сұғылғаны, содан кейін оқ атылғанын хабарлаған еді.

«Жарияланымдарда көрсетілген пышақ жарақаттары туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп сендірді департамент өкілдері.

Telegram-арнадағы ақпарат бойынша, қыз кафеде жұмыс істеген, ол жұмыстан шыққан кезде қылмыс жасалған. Оқиғаның жарияланған нұсқасына сәйкес, қалада тәртіпсіздіктер басталғанда қызметкерлер кафе иесінен оларға көлік жіберуін сұрайды, бірақ ол бас тартқан. Қыз мекемені өзі жабуға мәжбүр болады, сол кезде оған қарақшылар шабуыл жасайды. Алайда мекеме өкілдері кешке, қайғылы жағдай болған уақытта, қызметкерлерді үйлеріне көлікпен жеткізгенін мәлімдеп отыр.

Ресей елшілігі Қазақстанның құқық қорғау органдарына қылмысты мұқият және жан-жақты тергеу қажет екені туралы сұрау жібергенін хабарлады.

 

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр