
Таразда белгісіз тұлғалар арасында атыс болып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«2022 жылғы 25 ақпанда сағат 22:30 шамасында «102» пультіне Тараздағы Абай даңғылы бойында орналасқан «Discovery» кафесінде белгісіз тұлғалар арасында атыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Екі адам ауруханаға жеткізілді»,-деді облыстық полицияның баспасөз қызметінде.
Оқиға орнына жедел түрде кезекші полиция жасағы мен патрульдік полиция жіберілді. Мән-жайларды анықтау үшін жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram