jasqazaq.kz

Тараздағы 4 миллиардттық «Шахристан» жыл өтпей бүлінді

16 қыркүйек 2020, 23:48

Тараздағы мақтаулы, құрылысына 4 миллиардқа жуық қаражат бөлінген «Шахристан» этно-мәдени кешені жыл өтпей жатып бүлініп жатыр. Бірқатар нысандардың қабырға қаптамалары түсіп қалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

«Қала көркіне әр береді» деп салынған туристік нысандардың қазіргі сыйқы жаман. Облыс қазынасынан қыруар қаражат жұмсалған. Ал ғимараттар небәрі алты айдың ішінде тұрғызылып пайдалануға берілген. Құрылыс жұмысы былтыр жазда басталғанымен, қақаған қаңтарда бір-ақ аяқталған еді. Шенеуніктер бұл жағдай ғимараттардың суық мезгілде салынуынан болды деп ақталады. «Бірақ барлығы бірдей бүлінбеген» деп сендірді. Ал қирандыларды қалпына келтіру мердігерлердің мойнында екен. Бірақ жөндеу жұмысына кедергілер бар көрінеді.

Әлібек Аманбай, Тараз қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

— Құлағаны, глазури деген материал бар. Ол материалды Өзбекстан республикасынан алып келеді. Пандемияға қарсы шекараның жабылуына байланысты сәл қиындықтар туындады. Оған қарамастан мердігер барлық ақауды қалпына келтіруге тиісті жұмыс жүргізуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде