jasqazaq.kz

Таразда жүрегі оң жағында орналасқан қыз тұрады

08 желтоқсан 2018, 14:51

Тараз қаласының тұрғыны, 6-сынып оқушысы Айдананың жүрегі оң жақта. Миллионның бірінде ғана болатын ерекшелікке ие жасөспірімнің денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айдана Махамбет бүгінде Тараздағы № 3 мектеп-лицейдің 6 «ә» лицей сыныбында оқиды. Оқу озаты. Оның би билеп, ән салатын өнері де бар. Математика пәніне деген бейімі терең. Әкесі — Асылбек Естаев көлік жүргізушісі болып еңбек етеді. Бізге бұл туралы анасы — Индира Кенжебаева айтып берді.

Айдана Махамбет бүгінде Тараздағы № 3 мектеп-лицейдің 6 «ә» лицей сыныбында оқиды. Оқу озаты. Оның би билеп, ән салатын өнері де бар. Математика пәніне деген бейімі терең. Әкесі — Асылбек Естаев көлік жүргізушісі болып еңбек етеді. Бізге бұл туралы анасы — Индира Кенжебаева айтып берді.

«Біз қызымыздың жүрегіндегі мұндай ерекшелікті Айдана төрт жасқа келгенше байқаған жоқпыз. Көп ауырған емес. Төрт жасында қатты жөтеле берген соң, рентгенге түсіргенбіз. Дәрігерлер жүректің орны алмасып кеткенін сол кезде байқады. Осы жағдайды естіген соң, өзіміздің аймақтағы №9 емхана дәрігерлеріне әбден тексерілдік. Олар жүрек соғысының белсенді, баланың даму жағдайы бірқалыпты екенін, мұндай жағдайдың миллионнан бір адамда кездесе беретінін айтып, көңілімізді орнына түсірді», — дейді анасы. Айдана да денсаулығының жақсы, еш жері ауырмайтынын айтады. Ерекшелігін Алланың бір сыйы деп қабылдайды. Бөлімшедегі мейірбикелер жиі келіп оның жағдайын біліп тұрады екен. Үйдің тұңғышы ол қашанда іні-қарындастарына қамқор. Өзі белсенді, ұқыпты, пысық. Сөзге шешен. Кейде үлкен кісілердей тауып айтатын да қасиеті бар екен. Оның арманы — тігінші, дизайнер болу. «Мен мектептегі, үйдегі барлық шаруаға белсене араласамын. Білім ордасында өтетін іс-шараларда ән саламын. Бірақ, мектепте еліміздің Әнұраны орындалған кезде қолымды оң жағыма ұстаймын. Оған ұстаздарым бұл жағдайға тосырқап, оқушылардан ерекшеленбе дейді. Бірақ, менің жүрегім оң жағымда емес пе?», — деді Айдана.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді