jasqazaq.kz

Таразда Жириновскийдің суреті бар дәптерді оқушыларға таратқан мұғалім жазаланды

06 сәуiр 2022, 10:55

Таразда Ресейдің либералды-демократиялық партиясының көсемі Владимир Жириновскийдің фотосы бар дәптер мен Ресейдің ЛДПР партиясының аты жазылған ертегі кітабын мұғалім мектеп оқушыларына таратқан. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі жазды.

Осы жайтқа қатысты Жамбыл облысының әкімдігі дәптерді таратқан Тараздағы №13 мектептің 6-сынып жетекшісі екенін анықтады.

Шенеуніктердің айтуынша, Педагог туралы заң бойынша мұғалімнің саяси үгіт-насихат жүргізуге құқы жоқ.

«Мұғалімге түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ аймақтағы өзге әріптестеріне де құлаққағыс жасадық. Этиканы сақтамаған мұғалімге сөгіс берілді. Сонымен қатар Тараздағы №13 мектептің директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын да жауапқа тартты» делінген әкімдік хабарламасында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық