jasqazaq.kz

Таразда жазасын өтеуші түрме қызметкеріне пара ұсынған

26 қараша 2020, 15:23

Таразда сотталған азамат түрме қызметкеріне пара ұсынғандығы анықталды.

Таразда сотталған азаматтың түрме қызметкеріне пара беру дерегі анықталды. Бұл туралы аталған өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеуші аталған мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу жасағының бастығы Жансерік Бейсенбековке 10 мың теңге көлемінде пара ұсынып жатқан жерінде қолға түсті.

«33 жастағы бас бостандығынан айырылған азамат сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған ұялы телефонды кіргізуге рұқсат етуі үшін осындай қадамға барған. Ол ақшаның қалған бөлігін Kaspi Gold арқылы аударатынын жеткізген. Сөйтіп, ол тағы бір қылмыс жамап алды. Қазіргі таңда оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде