jasqazaq.kz

Таразда зағип ер адамды тонаған сәт видеоға түсіп қалған

07 маусым 2022, 16:33

Таразда зағип ер адамды тонаған сәт видеоға түсіп қалған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қалалық полиция жедел басқару орталығына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Ол белгісіз адам облыс орталығындағы саябақтардың бірінен ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан.

Күдікті орындықта отырған азамат зағип екенін байқап, қолынан құны 67 000 теңге тұратын ұялы телефонын алып кеткен.

Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде күдікті тез арада ұсталған. Ол облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны болып шыққан. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Заттай дәлелдер иесіне қайтарылған.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша соталды тергеу басталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде