jasqazaq.kz

Таразда түрме бастығы мен жүргізушісі жол апатынан мерт болды

04 қазан 2018, 9:31

Таразда болған жантүршігерлік жол апатынан қоныс колониясының басшысы мен жүргізушісі қаза тапты. Тағы бес адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Бұл туралы  КТК телеарнасы хабарлады.

Қайғылы жағдай бүгін таңғы 8.00 шамасында болған. Мерседес пен Киа бетпе-бет соғылып, қызметтік машинадағы түрме басшысы мен жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Салонда болған түзеу мекемесінің төрт қызметкері де түрлі дене жарақатымен емдеу мекемесінде жатыр. Ал, Мерседесті тізгіндеген 41 жастағы жүргізушінің жағдайы өте ауыр. Оның бауырына қатты зақым келген. Жол апатына да осы азамат себепкер болуы мүмкін. Өйткені, ол мінген көліктің капоты ашылып, алдын жауып қалған. Сондықтан машина қарсы бетке шығып кетіп, Киаға соғылған. «Жарақатпен бес науқас түсті, оның біреуі әйел. Ер кісілердің ішіндегі біреуі өте ауыр халде. Бауыры жарақаттанған. Қазір оның жарақаты тігіліп жатыр, жағдайы ауыр», — деп атап өтті №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді