jasqazaq.kz

Таразда тойға келгендер астан уланған

26 ақпан 2020, 12:17

Таразда мейрамханалардың біріне тойға келгендер астан уланып қалған. Қазір жетеуі ауруханада жатыр. Ал қалғандары алғашқы көмектен соң үйлеріне жіберілді, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Науқастардың айтуынша, той өткен соң ертеңіне өзін нашар сезінген. Алғашында іштері ауырып, жүрегі айныған, кейін ыстығы көтеріле бастапты. Жедел жәрдем оларды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген.

«Мына жерде жатқан балалар бөліміндегі бала тойға барған жоқ. Ол жаңағы тойдан апарған сарқыт самсаның жартысын ғана жеген. ,ір инфекция түскен бе деймін тамаққа, тек ет жеген адамдардың өзі мысалы, сарқытқа алып барған ет жегенде де ауырып жатыр. Ет деген ол қайнатылған нәрсе ғой», — дейді науқастардың бірі Мұхтар Шаханов.

Дәрігерлер тойханада ас дұрыс сақталмаған болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ әзірге нақты қорытынды жоқ. Сараптама жұмыстарының нәтижесінен соң неден уланғаны белгілі болады.

«Қалтырап, дірілдеп ауыр жағдайда түсті, әрине. Қазір жағдайлары орташа дәреже деп бағалануда. Түрлі-түрлі мысалдар айтып жатыр. Сондықтан біз бір тұжырымға келе алмаймыз», — дейді дәрігер Талғат Шымырбаев.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия