jasqazaq.kz

Таразда сауықтыру кешендерінен жезөкше притондары анықталды

19 қараша 2020, 15:33

Жамбылдық полицейлер «Стоп-Трафик» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде жезөкшелікпен айналысқан үш притонды анықтады.

Жамбыл облысында «Стоп-Трафик» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысатын үш притонды анықтады. Атап айтсақ, Тараз қаласының Төле би көшесіндегі сауықтыру кешенінде полицейлер жезөкшелікпен айналысатын притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 46 жастағы әйел адамды ұстады. Бөлтірік-Шешен көшесіндегі тағы бір сауықтыру кешенінде осыған ұқсас қылмысы үшін Тараз қаласының 42 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы блыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Сондай-ақ, 45 адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша үш әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру)»-делінген ведомство хабарламасында. Шара барысында, «жеңгетайлық» санаты бойынша үш адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін төрт әйел есепке алынған.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді