jasqazaq.kz

Таразда пышақтасқан экс-полицей құқық қорғау органдарына өзі келіп берілген

22 тамыз 2017, 10:30

ІІМ-нің Үмбетәлиевті полиция қызметкерлері ұстады деген мәлімет шындыққа жанаспайды, себебі ол Шу аудандық прокуратурасына өзі келіп, берілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Қазақстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бас прокуратурасының жедел тергеу тобы 10 тамызға қараған түні тараздағы «Арай Плаза» бизнес-орталығының маңында болған оқиғаны тергеп жатыр. Бұл оқиға кезінде Жамбыл облыстық Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы М.И.Үмбетәлиев пен осы ІІД-нің Криминалдық полиция басқармасының басшысы және аудандық ХҚКО басшысының арасында дау шығып, соңы пышақтасумен аяқталған болатын. «19 тамызда 13:00-де Үмбетәлиев өз еркімен Шу аудандық прокуратурасына келіп, берілді, содан кейін ол Тараз қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір ол сонда. Бұған Бас прокуратураның күдіктінің жақындарымен және туыстарымен жүргізілген жұмыс нәтижесі сеп болды. Осылайша, ІІМ-нің Үмбетәлиевті полиция қызметкерлері ұстады деген мәліметі шындыққа жанаспайды», — делінген Бас прокуратураның Facebook желісіндегі ресми парақшасында. Күдіктінің ісі «екі не одан да көп адамды бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу» ретінде қарастырылып отырғаны айтылады. Ал осының алдында Үмбетәлиевті Жамбыл облысының полицейлері ұстады делінген ақпарат шыққан еді.

Еске салайық, оқиға 2017 жылдың 10 тамызында таңғы 05:30-да «Арай-Плаза» мейрамханасының маңында болған.

Осы уақытқа дейін Үмбетәлиев іздеуде жүрген. Прокуратура мәліметі бойынша, Үмбетәлиевтің әйелі оған қоңырау шалып, өз еркімен берілуін сұраған.

https://youtu.be/P9OVNLw37E8

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде