jasqazaq.kz

Таразда Премьер-Министр мінген тікұшақ шұғыл түрде жерге қонды

15 маусым 2020, 16:32

Таразда Премьер-Министр Асқар Мамин мінген тікұшақ шұғыл түрде жерге қонды. Оның себептері туралы «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі мәлім етті.

«Жамбыл облысында 12 маусым күні бортында премьер-министр Асқар Мамин болған тікұшақ әуеден шолу жасаған. Ұшу кезінде ұшқыш гидравликалық жүйенің істен шыққанын байқаған. Осыдан кейін қосалқы гидравликалық жүйе қосылған. Ұшу нұсқаулығына сәйкес тікұшақ Таразға қонуға мәжбүр болды». Бұл туралы «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Анар Хамитова ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта азаматтық авиация саласында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы комиссия құрған. Аталған жағдайдың ресми себебі кейінірек жарияланады.

 

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі